Онлайн кредитке енді бірден қол қойылмайды. Жаңа заңға сәйкес енді 24 сағат күту қажет, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бастығы Дамиля Байділдаеваның сөзінше, бұл алаяқтыққа қарсы шара ретінде қолға алынған жаңашылдық.
- Алаяқтықққа қарсы немесе жаңа әлеуметтік инженериямен күресу үшін биыл 30 маусымда заңға қол қойылды. Сол заңда осы салқындату кезеңі немесе шешім қабылдау кезеңі деп аталады. Сол шара енгізілді. Ол кепілсіз тұтынушылық қарыз немесе микронесие онлайн рәсімделген кезде кемінде 24 сағатқа дейін салқындату кезеңі болуы керек, дейді Байділдаева Ұлысмедиаға берген сұхбатында.
Ол міндетті шара.
- Бірақ бұл біздің агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген сома бойынша осы шарт болуы керек. Банктік қарыздары бойынша қарыз сомасы 255 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, қарыз алатын сомаңыз немесе микрокредит жаңа 75 АЕК-тен жоғары болса, онлайн рәсімделген кредиттер тұтынушылық кепілсіз қарыз бен микронесие бойынша салқындату кезеңі жүргізілуі керек банк тарапынан, дейді Дамиля Байділдаева.