Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтардың схемалары туралы ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘЛІМЕТТЕР
Қазіргі таңда интернет-алаяқтар «Салықты шұғыл төлеу қажеттігі туралы ескерту» деген тақырыппен жалған хабарламалар таратып, өздерін салық органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалуда. Олар есептіліктің (270-нысан) жоқтығы туралы жалған ақпарат береді. Сонымен қатар, алаяқтар курьер кейпінде азаматқа салық органдарынан хат келгенін айтып, оны жеткізу қызметін Мемлекеттік кірістер комитетінің есебінен жүргізілетіндей етіп ұсынады.
Алаяқтар 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына «Enbek.kz» атынан хабарлама жіберіп, алты таңбалы кодты айтуын сұрайды.
— Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, кодтар мен нөмірлерді айтпауға, алынған ақпараттың шынайылығын тексеруге және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады. Салық және қаржылық қызметке қатысты ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға кеңес береді, — делінген хабарламада.
БҰҒАН ДЕЙІН
Онлайн кредитке енді бірден қол қойылмайды. Жаңа заңға сәйкес енді 24 сағат күту қажет екені белгілі болған.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бастығы Дамиля Байділдаеваның сөзінше, бұл алаяқтыққа қарсы шара ретінде қолға алынған жаңашылдық.