Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі аймақтардағы құрылыс сапасын бақылау ведомство құзыретіне кірмейтінін мәлімдеді. Ал Астана әкімдігі де ғимарат салған компанияны жауапқа тарта ала ма — бұл сұрақ та әзірге ашық күйінде тұр. Неліктен олай болғанын Ulysmedia.kz анықтап көрді.
ҚҰРЫЛЫС НОРМАС
Журналистер министр Ерсайын Нағаспаевтан Астанада жақында болған қайғылы оқиғаны еске салды. Тұрғын үй фасадының құлауынан бес адам зардап шеккен. Олардың бірі — фельдшер Ұлдана Мырзуан ауруханада көз жұмды. Көпшілік бұл өлімге сапасыз салынған ғимарат үшін құрылыс компаниясын кінәлайды.
Министр бұл пікірмен ішінара келісті.
- Парламентте қазір Құрылыс кодексі қаралып жатыр. Депутаттар тарапынан мыңнан астам түзету енгізілген. Негізгі мақсат — құрылыс сапасына мемлекеттік бақылауды күшейту. Сіз айтып отырған ғимарат 2005 жылы салынған. Бұрынғы нормаларға сәйкес, застройщик тек екі жыл ғана кепілдік беретін. Бұл — өте қысқа мерзім. Құрылыс компаниялары ұзақ уақыт жауапкершілікте болуы тиіс. Біз ұсынып отырған түзетулер бойынша, көтергіш конструкцияларға — 5 жыл, қасбет пен шатырға — 10 жыл кепілдік беріледі, — деді Ерсайын Нағаспаев.
Ол сондай-ақ ГАСК рөлін күшейту жоспарланып отырғанын, ал министрлік әкімдіктердің қабылдаған шешімдерін тексеретінін айтты.
КІМ ЖАУАПТЫ
Фельдшердің өліміне себеп болған үйді тексеру министрлік міндетіне жатпайды.
- Өкінішке қарай, құрылыс нысандарының сапасын тексеру — біздің құзыретімізде емес. Бұл функция акиматтарға жүктелген, — деді министр.
Министрлік Астана ГАСК-іне тексеру жүргізуді ұсынуға да құқылы емес.
КОНТЕКСТ
8 қарашада Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қабырғасы құлап түсті. Бес адам зардап шекті. Олардың бірі — 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан. Ол алған жарақатынан кейін ауруханада қайтыс болды.
Президент марқұмды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.