Air Astana ұшағы Делиге қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсанда Алматы – Бангкок бағытындаұшатын әуе компаниясына тиесілі KC931 рейсі техникалық себепке байланысты Дели қаласына қонуға мәжбүр болған.
Ұшақ бортында 138 жолаушы болған. Рейс Алматыдан түнгі сағат 1-де ұшып шығып, Делиге 05:51 қонған.
Қазіргі кезде Бангокқа ұшатын қосымша ұшақ әзірленіп жатқаны хабарланды.
Контекст
Бір күн бұрын Air Astana-ның Алматы – Астана бағыты бойынша ұшқан ұшағының салонынан түтін шығып, бірнеше минуттан соң қайта қонуға мәжбүр болған еді.