Қазақстан сиыр етін шетелге сатуға шектеу енгізбек, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
«Ашық» НҚА порталында жарияланған ауыл шаруашылығы министрлігі қаулысының жобасына қарағанда, ірі қара етін шетелге, сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне сатуға алты айға квота белгіленеді. Дегенмен талқылауға шыққан жобада квота көлемі көрсетілмеген.
Ашық үкіметтегі талқылау 24 желтоқсанға дейін жалғасады. Арнайы комиссия мұндай шешімді 18 желтоқсанда қабылдаған.
Бұған дейін желтоқсанның басында үкімет сиыр еті экспортына квотаны жыл аяғына дейін 13 мың тонна деп белгілеген болатын. Мұндай шешім бағасын тұрақтандыру мақсатында қабылданған.