Air Astana бүгін, 4 қаңтарда, Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің ротациялық кідірісі, сондай-ақ кестедегі өзгерістер жалғасып жатқанын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұған дейін әуе компаниясы Airbus A320neo тобындағы ұшақтарда орындалатын рейстердің 3-4 қаңтарға қараған түні ұшып шығуға шектеу қойылғандықтан кешіктірілгендігі туралы хабарлаған болатын.
Әуекомпаниясы кестені қалпына келтіру үшін барлық шараны қабылдап жатқанын хабарлады. С
Соның ішінде FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағын іске қосады.
– Әуежайға барар алдында әуе компанияның сайтында рейсіңіздің мәртебесін тексерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.