Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алматыда қолданыстағы «Бауыржан Момышұлы» метро бекеті мен жаңа «Қалқаман» бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң бағыттағы тоннельді қазу жұмыстары толық аяқталды.
Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол тұтас табанды технология бойынша төселіп жатыр. Сол жақ бағыттағы тоннель толық дайын: онда рельстер мен байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желілер монтаждалған.
Сонымен қатар «Қалқаман» бекеті ғимаратының құрылысы аяқталып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.