Ресейдің Лабинск қаласындағы өнеркәсіп аймағында дрон шабуылынан кейін мұнай базасы өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Өрттің видеосын украиналық мониторинг жүргізетін Supernova+ және Exilenova+ Telegram-арналары жариялаған. Astra басылымы интернетте тараған кадрларды талдап, шабуылға ұшыраған нысан қаланың солтүстігінде орналасқан Югнефтепродукт мұнай базасы екенін растады.
Краснодар аймағының билік өкілдері өрттен зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді. Өртті сөндіруге төрт өрт сөндіру жасағы, өрт-құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы және Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік басқармасының мамандары жұмылдырылған.