Атырау облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат сынықтары табылды

Сырым Қаржас
elements.envato.com

Атырау облысында далада ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін бөлшектер табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, нысан құлап, өртенген. Ол ауыл-қала аумағынан алыс жерде табылған. Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

– Атырау облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нысан тұрғындар мекендейтін аумақтан тыс аймақта анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомство.

Оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер нақтыланып жатыр.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, 26 наурыз күні Батыс Қазақстан облысында да дрон бөлшектеріне ұқсас заттар табылған еді.