Таяу Шығыстағы қақтығыс Louis Vuitton-ның табысын төмендетті

Ulysmedia
Фото: Benoit Tessier | Reuters

Франциядағы люкс тауарлар өндірушілердің алпауыты LVMH (Moët Hennessy Louis Vuitton) 19,1 млрд еуро көлемінде табыс тапқанын хабарлады. Алайда пайда нарық күткеннен әлдеқайда төмен болып, небәрі 1%-ды құрады, , деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

LVMH компаниясы табыстың төмендеуін геосаяси және экономикалық факторлармен, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдаймен түсіндірді. Бұл органикалық өсімді шамамен 1%-ға қысқартқан.

Cән және былғары бұйымдар табысы 9%-ға азайған

Ең үлкен төмендеу негізгі сегмент – сән және былғары бұйымдар саласында тіркелді: бұл бағыттағы табыс 9%-ға азайған. Сондай-ақ басқа бағыттарда да кері динамика байқалды: парфюмерия мен косметика – 6%-ға, сағаттар мен зергерлік бұйымдар – 2%-ға, бөлшек сауда – 3%-ға, ал шарап пен спирттік ішімдіктер – 2%-ға төмендеген.

Аймақтар бойынша компания АҚШ-та сатылымның жақсы болғанын атап өтті. Еуропа мен Жапонияда сұраныс тұрақты болғанымен, туристер ағынының азаюы әсер еткен. Ал Азияда (Жапонияны қоспағанда) тұрақты өсім сақталып отыр. Компания мұны 2025 жылдың соңында басталған оң динамикамен байланыстырады.

Сақтықта қорлық жоқ

Нәтижелер күткеннен төмен болғанына қарамастан, LVMH өз брендтерін дамытуға инвестиция салуды жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Louis Vuitton мен Christian Dior сияқты брендтерге, сондай-ақ бөлшек сауда желісін кеңейту мен жаңа өнімдерді іске қосуға қаржы құйылып жатыр.

Компания 2026 жылға қатысты «сақ оптимизм» ұстанатынын айтып, нарықтарды әртараптандыру және инновацияларды дамыту арқылы өз позициясын нығайтуды жоспарлап отыр.