Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасаы Ерлан Алдажұманов Батыс Қазақстан аумағына құлаған дрондарға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Ұттық қауіпсізді комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұмановтың сөзінше, құрлықтағы шекара әскері биікте ұшатын дрондарды көрмейді.
– «Мемлекеттік шекара туралы» заңға сәйкес, әуе шекарасын қорғау – әуе әскери күштерінің міндетіне кіреді, – деді ол журналистерге.
Ерлан Алдажұмановтың айтуынша, дрон туралы ақпарат тиісті органдарға беріледі.
Контекст
Бұған дейін Қазақстанның батыс аймағына дрондар құлағаны туралы ақпарат тараған. Әлеуметтік желіге құлаған дрондардың видеолары да тараған.