Қызылорда облысында он алты жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

Ulysmedia
Видеодан скрин

Қызылорда облысының Шиелі ауданында канал суынан денесі табылған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті осы ауданның тұрғыны болып шыққан. Қазіргі уақытта ол сот санкциясымен қамауға алынған.

Полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітовтің айтуынша, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.

Істің толық мән-жайы тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысы Шиелі ауданында үйінен шығып кеткен 16 жастағы қыздың мәйіті су арнасынан табылды. Бір тәулік іздестірілген жасөспірімді сол маңдағы тұрғындар судан жалаңаш күйінде тапқан. Ал марқұмның туыстары қаскөйлер оқушыны азаптап өлтіріп, мәйітін лақтырып кеткен деген болжам айтқан. Қазір елді дүрліктірген жағаұстатарлық жағдайға байланысты полицейлер іс қозғаған еді.