Белгілі медиаменеджер Арманжан Байтасов ұлы Диардың тұсау кесу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Осыдан бір жыл бұрын төртінші рет әке атанған қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов мейрамханада ұлының тұсау кесу рәсімін өткізді. Оның жары Диляра Айдарбекова желіде тойда түсірілген видео жариялаған. Онда Диардың тұсауын inDrive компаниясының негізін қалаған кәсіпкер Арсен Томский қиғанын көруге болады. Жиында Forbes тізіміне енген бірқатар байлар төбе көрсеті. Ал «Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені» рейтингінде 22-орында тұрған Сержан Жұмашев балақайға бата берді.
“Папасы секілді көңілді, мамасы секілді ақылды, сенің жетістіктеріңе қуана берейік”- деді ол.
57 жастағы Жұмашевтің бата беруге келгенде тәжірибесі жоқ екені байқалып қалды.
Арманжан Байтасов — қазақстандық медиаменеджер, кәсіпкер, филология ғылымдарының кандидаты, Tan Media Group жетекшісі, Forbes Kazakhstan және Forbes Georgia журналдарының баспагері. Ол 1992 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін тәмамдаған. Әр жылдары “31-арна” телерадиокомпаниясын, “Нұр-Медиа” медиахолдингін басқарған. Жұбайы — Диляра Айдарбекова.