«Әділетке» AMANAT-қа бұрын әр кезеңде қосылған 16 саяси партия мен қозғалыс қосылады. Бұл туралы саясаттанушы Данияр Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Данияр Әшімбаевтың айтуынша, әр жылдары саяси бірігу мен қайта құру арқылы пайда болған мына ұйымдар аталады:
«Қазақстан халық бірлігі одағы» / кейін «Қазақстан халық бірлігі партиясы» (1993–1999)
Қазақстанның демократиялық партиясы (1995–1999)
Либералдық қозғалыс (1997–1999)
«Қазақстан-2030 үшін» (1998–1999)
Әділет партиясы (1998–1999)
Еңбек республикалық саяси партиясы (1995–2002)
Халық-кооперативтік партиясы (1994–2002)
Асар (2003–2006)
Азаматтық партия (1998–2006)
Аграрлық партия (1999–2006)
Адал (бұрынғы «Бірлік», 2013–2022)
Сонымен қатар «Адал» партиясының өзі әр кезеңде бірнеше саяси құрылымдардың бірігуі арқылы қалыптасқан: «Руханият» пен бұрынғы «Әділет» партияларының қосылуы нәтижесінде құрылған.
Жалпы алғанда, бұл тізім Қазақстандағы әр жылдары бірігіп, кейін Отан → Нұр Отан → AMANAT болып трансформацияланған саяси күштердің тарихи сабақтастығын көрсетеді.
Контекст
Айта кетейік, 12 маусым күні өткен Amanat партиясының съезінде «Әділет» партиясымен бірігу туралы шешім қабылданған болатын. Делегаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, қарсы дауыс берушілер болған жоқ.