"Қазақстаннан қуып шықсын": танымал супермаркетте қазақ тіліне қатысты дау туды

Ulysmedia
Фото: yandex.kz

Желіде Small желісінде қазақша түсінбейтінін айтып, дүкен қызметкерінен орыс тілінде жауап беруді талап еткен әйелдің видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Желіде дүкен қызметкері мен өзін Галина Лисс деп таныстырған әйел арасындағы диалог түсірілген видео тарады. Кадрда әйел қызметкерден орыс тілінде жауап беруді талап етеді. Ал қыз кассаның неліктен уақытша жұмыс істемей тұрғанын қазақ тілінде сабырмен түсіндіреді.

Дүкен қызметкері тұтынушыға тағы бір кассирдің келетінін айтқан. Алайда бұл жауапқа  қанағаттанбаған сатып алушы қызметкерден орысша жауап беруін талап етіп, сұрақтың астына алуын жалғастыра берген. 

Желідегілер дөрекілік танытқан әйелді тауып, жауапқа тартуды сұрап отыр.

“Жарайсың мықты қыз! Әр қазақ ана тілінде осылай сайрасын!”, “Дұрыс істеді қарындасым”, Түсініп ал орысшаңды, бұл Қазақстан, Ресейге бар орысша сөйлескің келсе”, “Мына орыстар неге құтырып тұр”, “Жарайсын! Өз тілімізді өзге ұлт алдында құрметтеу деген осылай болады.Тілді құрметтеп, қадірлеу өзімізден басталады”, “Жауапқа тартылсын, депортация жасасын” деп жазған олар. Сөйтіп, желідегілер қызметкер қызға қолдау көрсеткен.