7 шілдеде елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады

Ulysmedia
Pixabay.com

Синоптиктер 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢБЫР, БҰРШАҚ ЖӘНЕ ЖЕЛ

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Елдің батысында, шығысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Орталық өңірлердің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып, дауылды жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін.

Батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарда жел күшейеді.

АПТАП ЫСТЫҚ

Сондай-ақ еліміздің солтүстік-батысында және орталық өңірлерінде ауа температурасы біртіндеп +35…+39 градусқа, кей жерлерде +41 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік өңірлерде +35…+38 градус ыстық болады.

Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.