Орталық Азия елдері мен Әзербайжан басшылары Шолпан-Ата декларациясына қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
31 шілдеде Қырғызстанда Орталық Азия елдері мен Әзербайжан басшыларының бейресми консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша Шолпан-Ата декларациясы қабылданды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Құжатта аймақтық ынтымақтастықты тереңдету, саяси сенімді нығайту және көпжақты өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған негізгі ұстанымдар қамтылған.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың айтуынша, декларацияға қол қойылуы мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен серіктестіктің жоғары деңгейін көрсетеді.
«Шолпан-Ата декларациясы елдеріміздің аймақтық тұрақтылықты, қауіпсіздікті және экономикалық өсуді нығайту жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдейді», – деді Қырғызстан басшысы.
Кездесу барысында тараптар энергетика, көлік, сауда-экономикалық байланыстар, туризм, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.