Қазақстанда ипотеканы ерлерге қарағанда әйелдер жиі рәсімдейді

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша ипотекалық төлем жасайтындардың арасында әйелдер саны ерлерден көп. Бұл туралы брифинг барысында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша төлем жасаушылардың 58%-ы – әйелдер. Ал ерлердің үлесі – 42%.

Сандық көрсеткішке шаққанда, мемлекеттік бағдарламалар бойынша 2,07 млн әйел және 1,438 млн ер адам төлем жасаушы ретінде тіркелген.

Банк салымшысының орташа жасы – 35 жас. Ал қарыз алушылардың орташа жасы 41 жасқа жетеді.

Ибрагимова банктің нарықтық бағдарламаларына қатысты статистиканы да келтірді. Бұл бағытта да салымшылардың орташа жасы – 35, ал қарыз алушылардың орташа жасы – 39 жас.

Айта кетейік

Бұған дейін Отбасы банк ипотекаға сатып алуға болатын тұрғын үйлердің тізімін кеңейткен еді. Жаңа өзгерістердің арқасында қайталама нарықтағы, әсіресе кеңестік кезеңде салынған панельді үйлерден пәтер таңдау мүмкіндігі артты.