Елена Рыбакина Цинциннатидегі жеңісті жолын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орында) АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде үшінші жеңісіне қол жеткізді. 1/8 финалда Рыбакина рейтингте 14-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездесіп, оны екі сетте — 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, Елена Рыбакина турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Бұған дейін Cincinnati Open-2026 турнирінде қазақстандық теннисші америкалық Тейлор Таунсендті (94-орын) және польшалық Магдалена Френхті (41-орын) жеңген еді.
Биыл турнирдің жүлде қоры – 7 433 076 доллар. Чемпион 1 086 220 доллар сыйақы және рейтинг бойынша 1 000 ұпай алады.