Қызылорда көш бастады: сайлауға қатысу көрсеткіші 37 пайыздан асты

Ulysmedia
gov.kz

Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауда 4 670 816 қазақстандық бюллетень алды. Ел бойынша сайлауға қатысу көрсеткіші 37,05 пайызға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Түскі уақытқа дейін сайлаушылар ең белсенді дауыс берген өңір – Қызылорда облысы. Мұнда сайлауға қатысу көрсеткіші 47,59 пайыз болды.

Жетісу облысында да көрсеткіш жоғары – 47,29 пайыз.

Одан кейін Түркістан облысы – 43,14%, Ақтөбе облысы – 42,53%, Шығыс Қазақстан облысы – 41,89% және Шымкент – 41,60%.

Сайлауға қатысу көрсеткіші әлі де ең төмен қала – Алматы. Сағат 12:00-ге дейін мұнда сайлаушылардың 17,87 пайызы дауыс берген.

Астанада сайлауға қатысу көрсеткіші 35,28 пайыз болды.

Қалған өңірлердегі көрсеткіш мынадай: Абай облысы – 38,51%, Ақмола облысы – 39,57%, Алматы облысы – 39,05%, Атырау облысы – 35,84%, Батыс Қазақстан облысы – 35,49%, Жамбыл облысы – 35,54%, Қарағанды облысы – 40,56%, Қостанай облысы – 34,72%, Маңғыстау облысы – 34,68%, Павлодар облысы – 35,74%, Солтүстік Қазақстан облысы – 38,13%, Ұлытау облысы – 34,93%.

Сайлауға қатысу жөніндегі келесі мәліметті Орталық сайлау комиссиясы сағат 14:00-де жариялайды.

Құрылтай сайлауы

23 тамызда Қазақстан жаңа бірпалаталы Парламенттің депутаттарын сайлап жатыр.

Дауыс берушілер тізіміне 12 605 788 адам енгізілген. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Ulysmedia.kz сайлау барысын күні бойы бақылап отыр.