Шетелде 2,5 мыңнан аса қазақстандық дауыс берді

Ulysmedia
СІМ

Қазақстаннан тыс жерде Құрылтай депутаттарын сайлауда сағат 14:00-ге дейін 2 573 адам дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін шетелде 74 сайлау учаскесі ашылған.

Жалпы, шетелдегі қазақстандықтар үшін 61 елдегі дипломатиялық мекемелер жанынан 79 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Шетелдегі сайлаушылар тізіміне Қазақстанның 11 402 азаматы енгізілген.

Қазақстанда сайлауға қатысу көрсеткіші 53 пайыздан асты

Ал ел ішінде сағат 14:00-ге дейін 6 696 002 сайлаушы бюллетень алған.

Жалпы сайлауға қатысу көрсеткіші 53,12 пайызға жетті.

Дауыс беру 23 тамыз күні сағат 07:00-де басталды. Ел бойынша шамамен 10,5 мың сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Бұл - 2026 жылғы 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын алғашқы сайлау.

Жаңа бір палаталы Парламент бұрынғы Мәжіліс пен Сенаттың орнына келді.

Ulysmedia.kz дауыс беру барысын күні бойы бақылап отыр.