Елдегі барлық сайлау учаскелері жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Құрылтай сайлауында дауыс бергендер саны 74,19 пайызға жетті. Ел бойынша сағат 20:00-ге дейін 9 352 151 адам дауыс берген.
ОСК дерегіне сай, сайлауда ең жоғары белсенділік Түркістан облысында байқалды – мұнда сайлаушылардың 92,16 пайызы дауыс берді. Екінші орында Жетісу облысы – 91,19%, үшінші орында Қызылорда облысы – 90,75%.
Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында сайлаушылардың 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған.
Өңірлердің басым бөлігінде дауыс бергендер үлесі 70 пайыздан асты.
Мән-жай
23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтті.
Қазір сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті.