Түркістан облысының Ленгер қаласында бетперде киген бірнеше адам әйелдің үйіне түнде баса-көктеп кіріп, оны бірнеше сағат бойы аяусыз соққыға жыққан. Жәбірленуші бір өлімнен аман қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиғаның мән-жайы
Бұл туралы қоғам белсендісі Айгүл Орынбек мәлімдеді. Оның айтуынша, түнгі сағат екілер шамасында бетперде киген бірнеше адам Төлеби ауданының Ленгер қаласындағы жеке үйге кірген. Олар әйелді байлап, таңғы сағат беске дейін ұстап отырған. Осы уақыт аралығында шабуыл жасағандар жәбірленушіні ұрып-соққан. Кейін олар оқиға орнынан қашып кеткен.
Белсенді жариялаған кадрлардан шабуылдың салдарын көруге болады. Әйелдің беті қатты ісіп кеткен, ол көп жарақат алған. Қатты ісінудің салдарынан оның түрін тану мүмкін емес.
Соған қарамастан, жәбірленуші есін біледі және төсекте жатыр. Видеодан үйдің астаң-кестеңі шыққаны да байқауға болады: жиһаз бен заттар төңкеріліп жатыр, бөлме ішінде төбелес болғандай.
Шабуылға не себеп болғаны белгісіз
Әзірге мұны қанша адам істегені және бұған не себеп болғаны белгісіз. Сондай-ақ шабуыл жасағандардың жәбірленушімен таныс-таныс еместігі де хабарланған жоқ.
Ulysmedia.kz Түркістан облысының полиция департаментіне түсінік алу үшін сауал жолдады. Материал жарияланған сәтте құқық қорғау органдарынан жауап түскен жоқ.