Доллар айырбастау орындарында арзандады: 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Ulysmedia.kz 11 қыркүйектегі Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарындағы валюталарды сатып алу және сату бағамдарының орташа мәнін ұсынды.

Алматы

  • Доллар 448,91 – 451,69 теңге;
  • Еуро: 521,80 – 527,36 теңге;
  • Рубль: 5,15 – 5,27 теңге.

Астана

  • Доллар: 446,95 – 453,99 теңге;
  • Еуро: 519,00 – 529,00 теңге;
  • Рубль: 5,22 – 5,44 теңге.

Шымкент

  • Доллар 449,69 – 451,93 теңге;
  • Еуро: 522,74 – 529,00 теңге.
  • Рубль: 5,17 – 5,24 теңге.

Айырбастау орындарындағы бағамдар күн ішінде өзгеруі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін теңге айтарлықтай нығайған еді. 10 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша доллар 450,35 теңгеге дейін төмендеді. Бір күн бұрын америкалық валюта 456,61 теңге болған. Осылайша, бір күнде доллар 6,26 теңгеге арзандады.