Дамир Жалғасбай US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты

Сырым Қаржас
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы екінші ракеткасы Дамир Жалғасбай 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Толығырақ

Қазақстандық теннисші US Open турнирінде америкалық Сафир Азаммен жұптасып өнер көрсетуде. Ширек финалда оларға пуэрторикалық Янник Альварес пен АҚШ өкілі Райан Козад қарсы тұрды.

Матч чемпиондық тай-брейкте шешілді. Жалғасбай мен Азам 6:3, 6:7 (14:16), 10:6 есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 1 сағат 22 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы мен оның серіктесі бес эйс жасап, төрт қосарланған қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Жартылай финалда Жалғасбай мен Азам америкалық Танишка Кондури мен Марсель Латак дуэті және турнирдің бірінші нөмірлі жұбы – бразилиялық Гуто Мигель мен словениялық Зига Шешко арасындағы матчтың жеңімпаздарымен кездеседі.

Контекст

Бұған дейін Елена Рыбакина Коко Гауффты жеңіп, US Open финалына шыққанын жазған едік.