Алматыдағы жаңа метро станциясы қашан ашылады

Сырым Қаржас
Metroalmaty.kz

«Қалқаман» метро станциясын 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматының нақтыланған бюджетін талқылау кезінде айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Толығырақ

Алматының экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихат отырысында «Қалқаман» станциясының құрылысына қатысты ақпарат берді. Оның айтуынша, станцияны жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар Алматыда метро желісін «Қалқаманнан» болашақ «Барлық» станциясына дейін ұзарту жұмыстары басталды.

Әуежай бағытына қарай метро желісін тарту жоспары да бар. Алайда бұл жобаға дейін әлі уақыт керек. Қазір қала «Жібек жолы» станциясынан әуежайға дейінгі екінші желінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

Контекст

Алматыда бұған қоса алғашқы LRT желісінің құрылысы жүріп жатыр. Ол Мөңке би көшесінен «Алматы-2» вокзалына дейін созылып, Момышұлы, Төле би көшелері мен Абылай хан даңғылы арқылы өтеді.

Бұған дейін қала әкімдігі LRT-ның алғашқы желісі өтетін аумақтағы 270 жер учаскесін мемлекет қажетіне алу жұмыстарын бастаған. Бұл рәсімді 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.