Қазақстан 2026 жылы Ресейге АИ-92 бензинін жеткізбеген - Энергетика министрлігі

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары биыл Ресейге АИ-92 маркалы бензин жөнелтпеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экспортқа қашан рұқсат етіледі

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, жанармайды шетелге тек халықаралық келісімдер аясында және ішкі нарықтың сұранысы толық өтелгеннен кейін экспорттауға болады.

Ведомство дерегіне сәйкес, 2026 жылы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарынан Ресейге АИ-92 бензині жөнелтілмеген.

Квота пайдаланылмады

Тамызның аяғында Reuters саладағы дереккөздеріне сілтеме жасап, Қазақстанның ірі мұнай өңдеу зауыттары шілде және тамызда Ресейге АИ-92 бензинін экспорттауға берілген квотаны пайдаланбағанын хабарлаған еді.

Қазір Қазақстаннан бензинді көліктің басым бөлігімен сыртқа шығаруға тыйым салынған. Бұл шектеу жанармайдың заңсыз әкетілуіне тосқауыл қою және ішкі нарықты отынмен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.