Жанәбілов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамауға алынды

instagram.com/elt6i

Блогер Ерболат Жанәбілов әйелі Эльмира Төлегеновамен болған жанжалдан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Төлегенова полицияға арыз жазудан бас тартқан. Алайда полиция соған қарамастан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, Жанәбілов отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Пробация талаптарын да бұзған

Отбасылық жанжалдан бөлек, Жанәбіловке қатысты тағы бір жағдай анықталған.

28 тамызда ол пробациялық бақылау талаптарын бұзған. Сағат 22:00-ден кейін Жанәбілов көрсетілген мекенжайда болмаған. Осы факті бойынша да материалдар сотқа жолданды.

Еске салайық, сәуірде Жанәбілов екі жылға шартты түрде сотталып, оған осы мерзім бойы пробациялық бақылау белгіленген еді. Сол кезде сот пробация талаптарын бұзудың салдары болатынын ескерткен.

Жанжалға қатысты не белгілі?

30 қыркүйек күні кешке Төлегенова күйеуінен гардероб бөлмесіне тығылып қалған видеосын жариялады.

Оның айтуынша, Жанәбілов телефонын тартып алуға тырысып, стористерін өшірген. Кейін Төлегенова өзіне күйеуінің қол көтермегенін айтып, қазір екеуінің ажырасқалы жүргенін мәлімдеді.