ТОП-5: Қазақстанға келген туристер арасында ең танымал орындар аталды

Ulysmedia

2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

 Мәдениет және спорт министрлігі елге келген туристер арасында кең сұранысқа ие болған орындарды атады.

Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы 2022 жылы туристер арасында ең танымал орынға айналып, оның табиғатын 628 мың турист тамашалаған.

 

550 мыңнан астам адамды қабылдаған Бурабай ұлттық саябағы да саяхатшылар үшін ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналып отыр.

 

Үшінші орында Көлсай көлдері орналасқан. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асып жығылады.

 

Төртінші орында – Баянауыл. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалды. 

45 мыңнан астам саяхатшы барған Шарын шатқалы үздік бестікті қорытындылады.