Елімізде 15 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Айнель Аянова

Елдің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылып, күн күрт суыды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

ҚазАвтожол мәліметінше, қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде. Күн күрт суып кеткен күннен бастап жолшылар шамамен 2 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланған.

Дәл қазіргі сәтте ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Республикалық желіде 500 бірлік арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда.

Өткен тәулікте жолшы мамандар қар құрсауынан 65 көлікті шығарды.