Дубайдағы EXPO-2020 көрмесінде 6 жұмысшы мерт болды

Ulysmedia

Өткен аптада ашылған Дүниежүзілік көрмені ұйымдастырушылар коронавирус пен құрылысқа байланысты алты жұмысшының мерт болғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

reuters.com-ның мәліметінше, көрме ұйымдастырушылары үш жұмысшы COVID-19 жұқтыру салдарынан, тағы үш жұмысшы құрылыс жүріп жатқан кезде көз жұмғанын айтқан.

Біріккен Араб Әмірліктері алдағы алты айда көрмеге 25 млн. адам келеді деп күтуде.

Көрме ұйымдастырушы құрылыс салудан басқа жағдайда жұмысшылардың қаза болған-болмағаны туралы жауап бермеген.

«Бізге мұндай ақпаратты жариялауға тыйым салынған», – деп жауап берді Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі директор Роб Кулинг.

Құрылыс салу барысында көз жұмған құрылысшылар Бангладеш, Пәкістан және Германиядан болған. Сондай-ақ, EXPO  құрылысы барысында 72 адам жарақат алған.