Қазақстандық туристер Таиландқа карантиндік шектеусіз бара алады

Ulysmedia

Вакцина алған қазақстандықтар Таиландқа міндетті карантинсіз бара алады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Таиланд туристік басқармасының Қазақстандағы өкілдігінің мәліметінше, Қазақстан резиденттеріне ұшып келген кезде виза алуға болатын елдердің тізіміне енді.

«1 қазаннан бастап вакцинацияланған қазақстандықтар Таиланд Корольдігіне міндетті карантиннен өтпей-ақ қайта бара алады. Қазіргі уақытта қазақстандықтарға қолжетімді Sputnik V вакцинасын Таиланд Денсаулық сақтау министрлігі сертификаттаған. Қазақстандықтар туристік визаны ұшып келгеннен кейін рәсімдей алады. Визаның мерзімі – 15 күнге дейін», - дейді Мәскеулік кеңсенің Қазқастандағы өкілдігі.

Таиланд ұсынып отырған туристік бағдарламаларда туристер ол жаққа ұшуға дейін кемінде 14 күн бұрын вакцинаның толық дозасын алуы керек екендігі жазылған. ТаиландқаSinovac, Astra Zeneca, Janssen, Pfizer, Moderna, Vero Cell, Covisheld, Sputnik V вакциналарын ектірген туристер бара алады.