Бердібек Сапарбаевты Алматыда ақтық сапарға шығарып салды

Ulysmedia

Белгілі қазақстандық саясат және қоғам қайраткерімен қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото Zakon.kz

Бердібек Сапарбаевпен қоштасуға оның отбасы, туған-туыстары мен жақындарынан бөлек Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Премьер-Министрдің бұрынғы орынбасары Алтай Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, еліміздің өзге де саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, Алматының тұрғындары келді.

10 маусымда 71 жасқа қараған шағында еліміздің бес облысының бұрынғы әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, вице-премьер қызметін атқарған Бердібек Сапарбаев қайтыс болды. Марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын Президент Тоқаев жолдаса, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев та көңіл айтты.