Елордада мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge әлемдік додасы өтеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Мәнерлеп сырғанаудан Challenger бәсекесінің VII кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында 28-31 қазан аралығына жоспарланған. «Барыс Аренада» өтетін сайысқа 20 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Қатысушылар арасында әлем чемпионатының жүлдегерлерімен қатар, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын спорт шеберлері бас қосады.
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) аясында аталған жарыс екінші рет ұйымдастырылмақ, дейді olympic.kz.