Қазақстанда электр энергиясын өндіру төмендеді

Ғалиасқар Думан

Маусымда елімізде электр энергиясын өндіру 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 2,8%-ға, 8,6 млрд кВт/сағ-қа дейін азайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Статистикаға сәйкес, бу және ыстық су өндірісі 12,1%-ға – 3,34 млн Гкал-ға дейін төмендеген, ал табиғи су өндірісі 6,8%-ға – 272 млн текше метрге дейін өсті.

Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде мұнай мен газ өндірісі төмендегенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, электр желілерінің тозуы салдарынан мұнай кәсіпорындары қанша шығынға батқаны жайлы жазғанбыз.