Қазақстанның тағы бір өңірінде балалар арасында қызылша дертіне шалдыққандар саны артты

Ulysmedia

Қостанай облысында қызылша дертіне шалдыққандар саны артып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

Бұл ауру негізінен төрт жасқа дейінгі егілмеген балалар мен 20 жастан бастап егілмеген ересектерден табылатыны атап өтілді. Қызылша ошақтарындағы дәрігерлер эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруда, инфекция ошағы анықталып жатыр. Адамдармен байланыста болған науқастар да тізімге алынуда.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекциядан жалғыз қорғаныш екпе екенін еске салды.

Бұған дейін Маңғыстау облысында қызылша ауруы өршіп тұрғаны белгілі болған.