Қазақстанның үш өңірі қуаңшылық зардабын тартуы мүмкін

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер мәліметінше, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Қызылорда облысының Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Жамбыл облысының Қордай, Жуалы ауданында, Тараз қаласының маңында, Түркістан облысының Жетісай, Қазығұрт, Арыс, Отырар, Созақ және Сарыағаш аудандарында және Түркістан қаласында, Қостанай облысының Арқалық қаласында және Қарағанды қаласының маңында орташа құрғақшылық болады.

Ал Қостанай облысының Амангелді және Жангелді ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында қатты құрғақшылық болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының Қазталов және Тасқала аудандарында сәл ғана ылғал болады.

Айта кетейік, Қазақстанда егіннің небары 1%-ы қуаңшылықтан сақтандырылған.