Шымкентте каналдан 2 сәбидің денесі табылды

Ғалиасқар Думан

Шымкентте каналдан ата-анасының қарауынсыз қалған екі сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖД

Қаратау ауданы Геологтар саяжайындағы канал суынан 2 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды. Тереңдігі 50 см, ені 1,5 метр болатын суару каналына түскен тұрғындар 2021 жылы туған баланың денесін судан алып шықты.

Екінші жазатайым оқиға Абай ауданының Алматы тас жолы бойында болған. Көшеден өтіп бара жатқан адамдар қалалық тазарту жүйесінен бір жастағы қыздың мәйітін көріп қалған. Тазарту жүйесінің тереңдігі 40 см, ені 1 метрді құрайды.

«Екі жағдайда да бүлдіршірдер ата-анасының қарауынсыз қалған. Сондықтан ата- аналардан баларын қараусыз қалдырмауды сұранамыз!»-делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобының ақпаратында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жамбылда 2 бала бассейнге батып кеткен еді.