Ақтөбе облысында заңсыз көші-қон арнасының жұмыс істеуіне қамқорлық жасау үшін лауазымды тұлғаға пара берді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, бұл арна шетелдік жұмысшыларды республикадағы еңбек қызметіне тиісті рұқсатсыз тарту үшін пайдаланылған.
Пара нысаны ретінде 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алынды.
“Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде жасалған пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қостанай облысында 85 шетелдік заңсыз жұмыс істегені анықталған.