Таразда оқушылардың қалжыңы үшін ата-аналары 17 млн теңге айыппұл төлейді

Ғалиасқар Думан

Таразда мектепке оқушылары полицияға бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Тәртіп сақшыларының айтуынша, егер оларға 10 млн теңге төленбесе, балалар мектепті жарып жіберетінін мәлімдепті.

Жамбыл облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат берген сегізінші сыныптың екі оқушысын анықтады.

Оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды, олар 17 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, бұдан бұрын өзінде бомба барын айтқан жолаушы Астана әуежайындағыларды аяғынан тік тұрғызды.