Ұлттық статистика бюросының қолжетімді деректері онлайн сатылып жатыр

Ulysmedia

Әлеуметтік желі қолданушылары ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында бар деректерді сата бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы TikTok қолданушыларын stat.gov.kz ресми сайтында еркін табуға болатын деректерді сататын қызметтерді пайдаланудан бас тартуға шақырады.

TikTok платформасында «Мен сияқты қанша адам бар» бөлімінен деректерді беру тәжірибесі танымал болған.

«Трансляцияны ұйымдастырушы банктік аударымдар арқылы өз деректерін ұсынады, ал төлем жасағандар Қазақстанда тағы қанша аттас адам тұратынын білу үшін аты-жөндерін көрсетеді», - деп атап өтті Статистика бюросынан.

Деректерге қол жеткізу функциясының өзі жалпыға қолжетімді және кез келген азамат өз өңірінде аттас қанша қазақстандық тұратынын біле алады.