«Кселл» компаниясына айтылатын ең үлкен екі сын бар десек, оның бірі -- тариф құны, ал екіншісі – интернет сапасы. Осы екі мәселені жиі көтеретін азаматтар шағымын БАҚ-қа айтып, әлеуметтік желіде де бөлісіп жатады. Бұл сын, шағым компания басшылығына жетіп жатыр ма? «Кселл» оған не деп жауап береді? Ulysmedia.kz тілшісі бұл сұрақты «Кселл» АҚ басқарма мүшесі Сабиғат Рахметовке қойды.