Жаңалықтар

«Байтақ» партиясындағы тартыс: съезде төрағаны ауыстыру мәселесі көтерілді
09.07 16:18 Жаңалықтар
«Байтақ» жасылдар партиясының кезектен тыс съезі жоспарланған сценарий бойынша өткен жоқ. Делегаттар сайлауалды бағдарламаны және Құрылтайға ұсынылатын кандидаттар тізімін бекітуге жиналған кезде, саяси бюро мүшелерінің бірі партия төрағасы Азаматхан Әміртаевты қызметінен босатып, жаңа төраға сайлау мәселесін көтеруді талап етті. Жиында микрофон өшіріліп, қатысушылар сөзге таласып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.