Жаңалықтар

Жанәбіловтер соты: блогерлер ұтысын "лохотрон" деген шенеунік судьядан ескерту алды
15.09 12:22 Жаңалықтар
Астанада блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі өтіп жатыр. Іс әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралуда. Толегенованың адвокаты Олег Черновтың айтуынша, оған күйеуіне тағылған айыппен бірдей — заңсыз лотерея ұйымдастыруға қатысу дерегі бойынша іс қозғалған. Бұл айып тағылуына азаматтардың шағымдары негіз болған. Әкімшілік хаттама толтырылғаннан кейін e-Otinish порталы арқылы мемлекеттік органдарға сегіз шағым жолданған.