Сараптама

Шенеуніктер қымбат қонақүйде жастардың мардымсыз жалақысын қалай талқылады?
25.09 10:25 Сараптама
Астанада жастардың жұмыспен қамтылуына арналған үш күндік халықаралық конференция басталды. Оны елордадағы ең қымбат қонақ үйлердің бірі — Hilton Garden-де өткізу туралы шешім қабылданған. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған шара тек тақырыбымен ғана емес, талқыланған жалақы көлемі мен жиын өткен орын арасындағы қарама-қайшылықпен де назар аудартты.  Әңгіме жастардың бастапқы жалақысы жөнінде болып отыр. Ол небәрі 117 мың теңгеден сәл ғана асады немесе 30 АЕК шамасында. Жас қазақстандықтар жұмыс таба алмай жүргенде, мемлекеттік қызметкерлер олардың тағдыры мен мүмкіндіктерін бір түнгі бағасы 50 мың теңгеден басталатын қонақ үйдің апартаменттерінде талқылады. Бірақ одан да таңғаларлығы — шараға қатысушы ретінде тіркелген шенеуніктердің өздері жиынға келмегені болды.