2025 жылдан бастап Қазақстан қыстық дизель отынын өзі шығарып, импорттан толықтай бас тартуы тиіс болған. Бұл стратегиялық мақсатқа қомақты қаржы да бөлінді, алайда жобаның іске қосылуы 2026 жылға шегерілді. Оның өзінде «ҚазМұнайГаз» оны мерзімінде аяқтай ма, жоқ па белгісіз. Ulysmedia.kz осы жобаның неге сәтсіздікке ұшырағанын, неге ел ішінде бұл мәселеге ешкім назар аудармағанын және не себепті жауапты тұлғалар жазаланбағанын, не себепті тұтынушылар тағы да Ресейден келетін жанармайды күтуге мәжбүр болатынын зерттеп көрді.