Сараптама

ТШО, NCOC, Қарашығанақ: мұнай алыптары Каспий мәселесін қалай айналып өтті
04.04 12:00 Сараптама
Соңғы уақытта Каспий теңізінің тез тартылып бара жатқаны туралы мәселе жиі көтеріле бастады. NASA Earth Observatory деректеріне сәйкес, 2008 бен 2023 жыл аралығында Каспийдің Қазақстанға тиесілі бөлігінің су көлемі 7%-ға азайған. Егер осылай жалғаса берсе, Солтүстік Каспий шамамен 75 жылдан кейін мүлде жойылып кетуі мүмкін. Экологтардың пікірінше, бұл жақындап келе жатқан экологиялық апатқа мұнай компаниялары себеп. Себебі олар Қазақстанның экологиялық заңнамасын жиі бұзады. 3 сәуірде, халықаралық Save the Caspian Sea қозғалысының белсенділері еліміздегі үш ірі мұнай компаниясының – “Теңізшевройл” (ТШО), North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) және “Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг B.V.” (КПО) өкілдеріне өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.