Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сәрсенбіде еліміздің жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы өткен жылғы есепті жариялады. Агенттік мамандары ел экономикасындағы бірқатар салаларға талдау жүргізіп, нарықтың жосықсыз қатысушылары жасаған бұзушылықтар мен оларға салынған айыппұлдар туралы мәлімет ұсынды. Ulysmedia.kz редакциясы есептегі Қазақстанның ішкі нарығын мұнаймен қамтамасыз етуге арналған бөлімдердің біріне назар аударды.