Үкімет басшысының орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елдегі ресми статистиканы жойып, қайтадан есеп жүргізесіздер ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл сұрақ Байбазаровқа үкіметтің баспасөз мәслихатында қойылған. Министр бұл мәселені ауыл шаруашылығы министрі де көтергенін айтады.
– Әрине, бізге обьективті дереккөз керек. Экономиканың барлық есебі, жалпы ішкі өнімнің есебі сол статистикалық деректерден құрылады. Сондықтан бұл біз үшін өзекті мәселе. Салада жұмыс жүргізіліп жатыр. Президент әкімшілігі жанында арнайы бюро бар. Олар да қазір жұмыс істеп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрі де айтып өткен болатын. Бұл жерде артық жазу тенденциясымен белсенді түрде күрес жүргізіліледі. Өйткен біз жалған деректермен жалпы ішкі өнімді көтере алмаймыз, - дейді вице-премьер.
Десе де, Байбазаров бәрін нөлден бастау емес дейді.
– Бұл жерде статистиканың нақтылығын, дерек көздерінің нақтылығын дұрыстап қарау керек. Оның өз методикасы бар, - дейді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісі отандық сүт өндірісі мәселесін зерттеген кезде ұлттық статистика бюросы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің статистикасы сәйкеспейтінін анықтаған еді.