Cапарбаев тағдырын президент «шешетінін» айтты

Ulysmedia

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында журналист зейнет жасындағы әкім Бердібек Сапарбаевтан Жамбыл облысы соңғы басқарып жатқан өңірі ме екенін сұрады деп хабарлайды Ulysmedia. 

Фото: ашық дереккөзден

БАҚ тілшісі Бағдат Асылбеков 2016 жылы зейнет жасына толған облыс жетекшісінің президент тапсырмасы бойынша жұмыс істейтінін жиі айтатынына назар аударып, бұл ретте салық төлеушілердің, яғни халықтың пікірі ескеріле ме екеніне қатысты сауал қойды. Сонымен қатар, Жамбыл облысы мемлекеттік қызметіндегі соңғысы ма екенін де нақтылады.  

️«Егер сіз естіген болсаңыз, бәрі президент пен Жамбыл облысының тұрғындарының тапсырмасы аясында жүргізіледі. Карантинге қарамастан, бұқарамен жиі кездесуге тырысамын. Ал қызметте қалуым менің қабілетім мен ел президентіне байланысты», – деді оған Бердібек Сапарбаев.